Әлем жаңалықтары

Солтүстік Корея хакерлері Сovid-19 вакцинасын ұрламақ болды

Жабық елде қанша адам коронавирустан көз жұмғаны белгісіз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Солтүстік Корея хакерлері Pfizer фармацевтикалық компанияның вакцинасы мен covid-19 емі туралы ақпаратты ұрлауға тырысты, деп хабарлады Yonhap ақпарат агенттігі.

Солтүстік Корея covid-19 таралуын тоқтату үшін шекараларын тез жауып тастады. Ел ресми түрде пандемия кезінде Covid-19 оқиғасын тіркеген жоқ. Сарапшылар бұл мәлімдемеге сенбейді, бірақ тексере да алмайды.  Өйткені ел әлі де қатты оқшаулануда.

Солтүстік Корея бұған дейін бірнеше рет covid-19 зерттеулерін жүргізетін компаниялардан құпия ақпаратты ұрламақ болған.

Осы жаңалықтан кейін Солтүстік Кореялық хакерлердің Johnson & Johnson, Novavax Inc және AstraZeneca сияқты кем дегенде тоғыз медициналық фирманың жүйесін бұзуға тырысқаны туралы мәліметтер пайда болды.

Солтүстік Корея covid-19 вакцинасының технологиясын ұрлауға тырысатын жалғыз ел емес. Мысалы, АҚШ үкіметі өткен жылдың мамыр айында Қытай мен Ираннан жасалған шабуылдарды анықтады. Ал қараша айында Microsoft фармацевтикалық компания мен вакцинамен жұмыс істейтін зерттеушілерге Ресей мен Солтүстік Кореяның хакерлері шабуыл жасағанын мәлімдеген.

Денсаулық сақтау саласының мамандары солтүстіктің хакерлері ұрланған деректерді  вакцинаны жасау үшін қолданғаннан гөрі, сатуға көбірек қызығушылық танытуы мүмкін дейді.

Солтүстік Корея ресми түрде Gavi мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басқаратын COVAX  Ғаламдық схемасының бөлігі болып табылады және 2021 жылы вакцинаның шамамен екі миллион дозасын алуы керек.