Bugin

Мектепішілік роботтар сайысы

Мектебімізде өткен робототехника сайсының жоспары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мектепішілік роботтар сайысы

Сыныптар: 5-6-7

Уақыты: 

Өтілетін орны: робототехника кабинеті

Пән мұғалімі: 

 
Мақсаты: Робототехниканы зерттеу оқушылардың болашақта ізденісін одан әрі дамытуына ықпал етеді. Оқушылар робот құрастыра отырып, өзінің автоматтандырылған құрылғыларын құрады, оларды қадағалайды және эксперимент жүргізеді, модельдің практикалық қолданылуын іздейді, ғылыми бағыттағы инженерлік мамандықтың іргетасын рухани байлықпен бірге қалыптастырады. Оқушылар нақты мақсат қойып, оған жетуге үйренеді, өмірдегі проблемаларды шешу үшін сыни ойлайды және шығармашылық дағдыларын қолданады.

 

Мектепішілік роботтар сайысының екі бағыты: «Сумо» және «Кегельринг»

Сайыс барысы:

І. Ұйымдастыру:

а) Оқушыларды жинақтау, зейіндерін сайысқа аудару;

б) төрағалармен  таныстыру;

Төрешілер – Советов Ақтілек, Сұлтанұлы Бейбарыс, Тұрсынтай Еркебұлан.

ІІ. Негізгі бөлім:

1 – жүргізуші: Армысыздар құрметті жиналған қауым,

2 – жүргізуші: Оқушылар мен ұстаздар!

1– жүргізуші: Бүгінгі роботтар сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

2 – жүргізуші: Ең алдымен бүгінгі мектепішілік роботтар сайысының төрешілерімен таныс болыңыздар!

1 – жүргізуші: 8 "а" сыныбының оқушылары -  Советов Ақтілек, Сұлтанұлы Бейбарыс, Тұрсынтай Еркебұлан.

2 – жүргізуші: Білімді азамат – ел ертеңі,

1 – жүргізуші: Білікті бірді, білімді мыңды жығар.

2 – жүргізуші: Білім мен даналық – адам көркі.

1 – жүргізуші: Білімді адам еш нәрседен қорықпайды, мазасызданбайды, әр уақытта батыл болады.

2 – жүргізуші: олай болса қатысушыларымзды ортаға шақырып, роботтарды карантинге өткізуге шақырамыз.

А) Қатысушылар жарысқа қатысушы роботтарды карантинге өткізеді.

Б) Кестеге сәйкес роботтар бір-бірімен жарысады.

Әр жарыстың өту регламенті  қосымшада көрсетілген

ІІІ. Қорытынды