Bugin

Қазақстан 2020 жылы туудан рекорд орнатты

Түркістан мен Алматы облысы көш бастап тұр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Былтыр Қазақстанда 426 мыңға жуық сәби дүниеге келген. Мұндай көрсеткіш елде 33 жылда болмаған көрінеді. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2019 жылы елде 403 мың сәби дүниеге келген.  Ал 2020 жылы – 425,6 мың сәби. Яғни, 22 мың сәби көп туылған.

Мұндай ірі көрсеткіш бұған дейін 1987 жылы болған екен. Ол жылы 417 мыңнан аса сәби дүние есігін ашқан.

2020 жылы дүниеге келген сәбидің көбі қала тұрғындарынікі – 249 мың сәби, ауыл тұрғындарынікі – 180 мың сәби.

Ал туу көрсеткіші ең көп өңірлері мыналар: Түркістан, Алматы облыстары, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Жамбыл облысы.