Денсаулық
«Дені саудың жаны сау», «бірінші байлық – денсаулық». Бұл мақалдардың мағынасын пандемия кезінде ерекше ұғындық. Осыған орай денсаулықты сақтаудың жолдарын анықтап көрсек
Бала күнімізден ойымызға сіңіп,санамызға бекіген «денсаулық» сөзінің мағынасы мен қадір-қасиеті біз ойлағаннан тереңде жатыр. Денсаулығымызды сақтай отырып,оның үстіне жан дүниемізді, кескін келбетімізді жақсарта аламыз деп ойлаймын. Ол үшін төменде көрсетілген мәліметтерді бағдарға алғанымыз жөн:
1.Жаттығу жасау. Бір орында 1-2 сағаттан артық қозғалмай отыру тыныс алуға кедергі жасайды екен. Сол үшін дене қимылы,әсіресе,таңертең жасалған жаттығу өте пайдалы болып келеді.
2.Дұрыс тамақтану. Әрине, жеңіл дайындалатын ,майлы тағамдар мен газдалған сусындарды аузыма алмаймын деп ешбіріміз айта алмаймыз. Дұрыс тамақтануды жолға қою ,әсте,бірден болатын үдеріс емес. Дегенмен, денсаулығымыз үшін біртіндеп бас тартуға тура келеді.
Үшіншіден, «Тазалық – денсаулық кепілі» екенін ұмытпағанымыз жөн.
Таза ауамен жиі тыныстау, жеміс-жидек,көкөністермен азықтану, бір жағынан иммунитетті көтереді,екіншіден, деніміздің сау болуына көмектеседі.
Қорытындылай келе,дені саудың қашан да жаны сау болмақ. Денсаулығымызды құрметтейік, күтейік.