Bugin

Уақытты тиімді өткізу жолдары

Саади Ширази:Ең қиын үш нәрсе: Сыр сақтау, қорлықтарды ұмыту және уақытты дұрыс пайдалану

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Уақытты қалай тиімді жұмысауға болады?

1.Тайм-менеджмент

Тайм-менеджмент уақыттың қайда кетіп жатқанын көрсетеді. Осы әдіс арқылы адам әр сағатын жоспарлау қажет.                       Мысалы: 7:00-7:30-ұйқыдан тұру                                                                                                                                                                   7:30-7:50-жууну                                                                                                                                                                                 7:50-8:20-таңғы ас                          Бұл әдіс уақыттың босқа өтпеуіне көмектеседі. Тайм-менеджментті күнделікті қолдану өміріңізді жақсы жаққа өзгертеді.

2.Ерте жатып, ерте тұру

Жұмыс істеп түнге дейін отырмаңыз. Ғалымдардың айтуынша бұл адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Сол себепті түнде қалған жұмыстарды керсінше ерте тұрып бітіріңіз.

3.Помодоро әдісі

Помодоро әдісі дегеніміз жұмысты үзіліс алу арқылы істеу. Помодоро  техникасы аз уақытта көп жұмыс істеуге көмектеседі. Теледидар, компьютер, телефонды өшіріп,таймерді 25-30 минутқа қойыңыз.Таймер шырылдағаннан кейін 5 минут үзіліс алыңыз. Осылайша жұмыс біткенше таймер қойып отырасыз.

4.Күнделік қолдану

Егер сіз күніңізді жоспарлай алмасаңыз, уақытыңыз қайда кетіп жатқанын білмесеңіз, күнделік сатып алу керек. Күнделік арқылы сіз бір аптаны, тіпті бір айды жоспарлай аласыз. Жатар алдында келесі күнге жоспар жасаңыз.

5.Ұнайтын іспен айналысу

Ең үлкен бақыт – сүйікті іспен айналысу. Сол себепті өзіңіздің бақытыңыз үшін қаламаған іспен айналаспаңыз. Қаламаған іспен айналасу – уақытты босқа кетірумен тең.

6.Бір істі бітірмей екінші іске көшпеңіз

Бастаған іс аяқсыз қалмауы үшін бір істен екінші іске көшпеу қажет. Бұл сізді жауапкершілігі жоқ адам ретінде көрсетеді. Сонымен қатар уақытыңыз босқа кетеді.

Сізге берілген алтын уақытты теледидар көруге,әлеуметтік желіде отыруға,пайдасы жоқ істермен айналысуға жібермеңіз. Есіңізде болсын, уақытты дұрыс қолдана білу бұл жетістікке жетудің ең оңай жолы.