Көз ауруларының алдын алыңыз

Біз қоршаған ортадағы ақпараттың 90%-ға жуығын көзбен қабылдаймыз. Себебі көз – адам жанының айнасы. Бүгінде техника мен технологияның дамыған заманы болғаннан кейін адамдардың басым бөлігінің көздері нашар көреді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көз – адамның  ең маңызды дене мүшесі болып саналады. Көз адамның айнасы, маңдайындағы жұлдызы болғандықтан оны қорғай білу керек.

Көз көрмеуі ген арқылы беріле ме? Иә, зерттеулердің нәтижесі көз көрмеу ген арқылы ата-анадан балаға беріледі дейді. Ата-анасының екеуі де миопиямен ауыратын 7 жасқа дейінгі балалар арасында зерттеу жүргізіп, 45%-ының көздері нашар көретіні анықталған екен.

Неге компьютер мен теледидар көзге зиян? Көзге электрмагниттік толқындар, тым жақыннан көрсетілген суреттер, жап-жарық сәуле жүк түсіреді. Көк-күлгін түстердің көптігі де көзге кәдімгідей күш түсіреді екен. Дегенмен, қауіпсіздік шаралары барынша қамтамасыз етілетін заманауи теледидарлар көзге соншалықты қауіпті деу қиын. Бәрі теледидар не компьютердің алдында қанша уақыт өткізетініңізге байланысты. Компьютерге тым жақын отырып, кірпікті сирек қағу көзге зиянын тигізеді. Егер экран алдында 5-6 сағаттан көпотыратын болсаңыз, экран мен сіздің арақашықтығыңыз 3 метр болсын.

Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде дегендей көзіміздің дұрыс көруін қадағалап дәрігерлердің көмегіне жүгініп жүріңіздер.