Bugin
Түркия ағайынды ел ретінде қарайды
Түркия мемлекеті Орталық Азия мен Әзірбайжанды қосып Ұлы Тұран одағын құруға қауқары жетпейді. Өйткені Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың ойынша, әр ел ұлттық мемлекет ретінде жеке өмір сүргісі келеді. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Ресей министрінің РБК телеарнасына берген сұхбатында Қарабах оқиғасының аяқталғаны жайлы айта келе, Түркияның бұл аумақта Әзірбайжан мен Орталық Азияны қосып, біртұтас Тұран одағын құруға қауралы емес деп пікір білдірді.
Оның айтуынша, түрік тектес мемлекет халықтарының "Түркістан", "Ұлы Тұран" сынды идеяларға сеніп, рухтанып жүргені рас. Алайда мемлекеттік билік бұған аса ниетті емес.
"Түркия мен түрік тектес елдердің арасында терең байланыс бары белгілі. Түріксой, Түркі кеңесі, Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы сынды ұйымдары бар. Алайда бұлар мәдениет пен салт-дәстүрді, рухани және тілдік байланысты дамытуға, білім беруге бағытталған. Ал саяси тұрғыда, "Ұлы Тұран" идеясын ұлттық деңгейде жүзеге асыруға болады дегенге өз басым сенбеймін", - деді Лавров.
Оның айтуынша, Түркия "Ұлы Тұран" идеясын жүзеге асыруға мүдделі емес. Өйткені басқа түркі елдері мұны қолдай қоймайды.
"Әр ел өзінше ұлттық мемлекет ретінде дамығысы келеді. Түркия да басқа түркі елдеріне тайпалас, тілдес, ағайындас ретінде қарайды", - деді көрші ел министрі.