Bugin

81 млн теңге туристер үшін

Қазақстанда туристерге жағдай жасалмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

     Алматыда туристер үшін құны 81 млн теңгеден асатын 10 ақпараттық сенсорлық терминал орнату жоспарланып отыр. Бұл туралы Bugin.kz  платформасы goszakup.gov.kz-тегі хабарландыруға сілтеп  хабарлайды. Жарияланған құжатқа сәйкес бұл сомаға ақпараттық сенсорлы терминалдарды жасақтаумен орнату кіреді. Ақпараттық терминалдарды орнатуға арналған орындар, тапсырыс берушімен келісілген тізімнен  «Алматы қаласының туристік ақпараттық орталығы» ЖШС  10 орынға қояды:

 1. Алматы халықаралық әуежайы, ст.  Бейімбет Майлин;

 2. Жасыл базар, әмбебап базар, Жібек жолы даңғылы, 53;

 3. Көк-Төбе;

 4. 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ;

 5. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақ;

 6. Абай даңғылы - Байтұрсынов көшесінің қиылысы;

 7. Биік таулы «Медеу» спорт кешені;

 8. Панфилова көшесі - Гоголь көшесінің қиылысы;

 9. Жібек жолы даңғылы - Панфилов көшесінің қиылысы; 

10. «Форум Алматы» СО;

 11. «Достық Плаза» СО; 

12. «Алматы 2» теміржол вокзалы;

 13. «Essentai Mall» СО;

 14. «Шымбұлақ» тау курорты; 

15. Алматы қаласының орталық стадионы;

 16. Астана алаңы (Ескі алаң); 

17. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры;

 18. Орталық мемлекеттік мұражай; 

19. «Мега Парк», «Мега Алма-Ата» СО-лары;

 20. «ЦУМ» сауда үйі.

  Терминалдардың негізгі функционалдығы:

  • интерактивті картаны, әртүрлі категорияны, іздеу жолағын пайдаланып объектілер мен оқиғаларды іздеу; 
  • трафикті және тәулік уақытын ескере отырып маршрут құру мүмкіндігі; 
  • мәтінді әлемнің кез келген тілінде оқу мүмкіндігі;
  • қаланың іс-шаралары мен қызметі туралы ақпарат; 
  • қаланың мәдени-сауық орындары туралы ақпарат; 
  • такси шақыру функциясы; 
  • картадан орындарды жедел көрсететін жедел кілттер (дәретхана, медициналық көмек, діни мекеме, мейрамхана, мұражай, аттракцион, туристік полиция және т.б.); 
  • мобильді қосымшамен синхрондау және т.б.