Bugin

Қазақстан полициясы шетелдік 11 қылмыскерді ұстады

Оның ішінде зорлау фактісі бойынша іздеуде жүрген Түркия азаматы да бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Полиция 133 мың заңсыз мигранттың елден өз еркімен кетуіне көмектесті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Polisia.kz -ке хабарлайды.

2021 жылдың ақпан айында Ішкі істер министрлігі «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасының екі кезеңін өткізді. Заңсыз көші-қон ұйымдастыру фактілері бойынша 28 қылмыстық іс тіркелді.

Профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында іздеуде жүрген 140 қылмыскер ұсталды. Олардың қатарында 129 қазақстандық, ТМД елдерінің 10 азаматы, сондай-ақ зорлық-зомбылық және шантаж үшін халықаралық іздеуде жүрген Түркия азаматы бар.

«Тек қана қазақстандықтар емес, шетелдіктер де өздерін қауіпсіздікте сезінуі қажет. Бұл – полиция қызметкерлерінің басты міндеті. Сонымен қатар еліміздегі шетелдіктер заңды құрметтеуге және ережерлерге бағынуы тиіс. Сол себепті көші-қон қызметі бұл бағытта өз жұмысын үздіксіз атқарады»,- деп баса айтты министр Ерлан Тұрғымбаев.