Bugin
Ер азамат бұрын да есірткі қылмысы үшін сотталған
Бұл туралы Bugin.kz платформасы Polisia.kz -ке сілтеме беріп хабарлайды.
Ақпан айының ортасында Жітіқара полициясы есірткі сатумен айналысқан 37 жастағы ер адам мен 34 жастағы жүкті әйел адамды ұстады.
Аудандық ішкі істер бөліміне жедел хабарлама түскен соң, қызметкерлер тінту жүргізіп, осы фактіні растады. Жітіқаралық азаматтың үйінен фольгамен 17 оралған героин байламы табылды. Ер адам оларды іш киімінің ішіне жасырған.
«Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторында отырған есірткі сатушылар есірткіні сатып қана коймай, оны өздері де қолданған. Аудандық сот күдіктілерге қатысты «қамауда ұстау» жөнінде бұлдыртпау шарасын санкциялады»,- деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Болат Иманов.
Бұл қылмыс ерекше ауыр қылмыс түріне жатады. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағына сәйкес, ұсталғандардың мүлкі тәркілене отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
Ер азаматтың бұрын да есірткі қылмысы үшін сотталғаны анықталды.