Қазақстан жаңалықтары
Мұндай жағдай бірінші рет
Әлеуметтік желіде көпқабатты үйдің астында - көлік қоятын паркингте дастархан жайылып, той жасалып жатқаны түсірілген видео жарияланды. Кейін белгілі болғандай, бұл - Ақтау қаласында болған той екен. Мұны қалалық полиция басқармасы растады.
"Бұл оқиға кеше Ақтау қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Видео авторы – той басқаруға келген асаба. Оның сөзіне қарағанда, тұрғын үйдің көлік тұрағына жүздеген адам жиылып, жас жұбайлардың қуанышын атап өткен. Паркингтің іші үйлену тойына сай безендіріліп, тағамдар қойылыпты. Карантиндік шектеуге сай мұндай әрекет заңсыз саналады. Той иелеріне қатысты әкімшілік жаза қолданылады. Жергілікті полиция басқармасы мән-жайды анықтап, тиісті тексеру жүргізіп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.