Экономика
Бір реттік төлем беріледі
Липецк облысының басшысы Игорь Артамонов халқы 50 мыңнан аспайтын ауыл, аудан және қала типтес елді-мекенге көшіп барып, ұстаздық қызмет атқаратын педагогтарға бір реттік үстемақы төлеу туралы қаулыға қол қойды.
Қаулы бойынша бір реттік миллион рубль беріледі, бұл теңгеге шаққанда 5.5 млнды құрайды. Педагогтар бес жыл бойы халқы 50 мыңнан аз елді-мекенде қызмет етуі тиіс. Бағдарламаға қатысу қатаң іріктеу арқылы өтеді. Ұстаздар аптасына 18 сағаттан кем емес негізде сабақ беруі міндетті.