Экономика

Зейнетақы активтері қай компаниялардың қолында?

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі зейнетақы активтерін басқаруға берілген компанияларға талаптарын бекітті. Бүгінде алты компания қойылған шарттарға сай болып отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінде қаулы Әділет министрлігінде қаралымда тұр. Тек ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.  Бұл туралы Bugin.kz платформасы Kursiv.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Олар: «First Heartland Jysan Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ - «Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес ұйымы, «Halyk Global Markets» АҚ (Қазақстан Халық Банкі АҚ еншілес ұйымы), «Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес компаниясы » , «First Heartland Capital» АҚ және «Сентрас Секьюритиз» АҚ.

Зейнетақы активтерін басқарушының меншікті капиталы кемінде 5 млрд теңгені құрауы шарт. Компания басқару жүйесін қолға алған күннен бастап жалпы клиенттердің активтер мөлшері 15 млрд теңгеден кем болмауы керек.

Инвестор зейнетақы активтерін компаниядан БЖЗҚ-ға жылына бір рет ауыстыруға құқылы. Активтерді Ұлттық Банкке қайта қайтарғысы келген жағдайда үш жыл аралығында жүзеге асыра алады.

Ай сайын аталған талаптарға сай инвестициялық портфельді басқарушыларды жеке сайтына жариялайды. Олай болмаған жағдайда зейнетақы активтерін басқару туралы шарты бұзылады.

Айта кетейік, зейнетақы активтерінің бір бөлігін жеке басқаруға беру 2020 жылдың 23 желтоқсанында қабылданған «Экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша кей заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен пайда болды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) салымшылар енді зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделу ақысын төлеуге немесе жеке меншік басқарушы компанияларға беру үшін пайдалана алады.