Bugin
Қылмыскер маймылдар неше жылға сотталмақ?
Танджавур қаласында маймылдар үйдің шатырынан кіріп екі баланы ұрлап кеткен. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Instagram желісіндегі atyrau.stories парақшасына сілтеп хабарлайды.
Қайғылы оқиға нәрестелердің анасы дәретханаға кеткен кезде орын алған. Жаңа туған егіз сәби қараусыз қалғанда жабайы маймылдар үйдің шатырын қиратып, ішке кіріп, балаларды алып кетпек болған. Анасы жануарлардың қолынан бір баланы алып үлгеріпті. Ал екінші сәбиді маймылдар ұрлап кеткен.
Іздеу жұмыстарына бірнеше адам атсалысты. Алайда туғанына небәрі сегіз күн болған қыз баланың денесі су арығының маңынан табылыпты. Оқиға орнында орман шаруашылығы департаментінің өкілдері жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлер кісі өлтіруші маймылды ұстамақ.
Еске сала кетсек, Севастопольдің Нахим ауданында жеке хайуанат бағынан қашып кеткен жабайы маймыл 1,5 айлық нәрестені талап өлтірген еді. Қасында тұрған ата-анасы баланы құтқара алмаған.