Hi-Tech
Аздаған уақыт ішінде танылып үлгерген Clubhouse туралы не білдік
Clubhouse – бұл дыбыстық хабарламаға негізделген әлеуметтік желілерге арналған бағдарлама. Бағдарламада тілдесуге арналған 3 түрлі "бөлме" болады: ашық, әлеуметтік және жабық. Жүргізілген әңгімелерді жазуға қатаң тыйым салынған. Бағдарламаға қосылу мүмкіндігі тек Clubhouse қолданушысы арқылы жүзеге асады. Яғни, Clubhouse қолданушысы өз бағдарламасынан сізге шақырту жіберуі керек. Telegram, Zoom және Whats App-тан айырмашылығы, жазбаша хабарламалар болмайды.
Көпшіліктің назарын аударған қандай ерекшелік?
Бұл – дыбыстық хабарлама. Яғни, бағдарлама пайдаланушылары бір-бірімен тек тілдеседі. Қазіргі таңда бағдарлама 8 млн рет жүктелген. Тіпті, кең танымал Tik-tok бағдарламасының бәсекелесіне айналған.