Қоғам

"Іс-түссіз жоғалып кеткен". Қазақстандағы ең қауіпті 5 аймақ

Өлі көлдер, емдік тастар, даладағы жұмбақ суреттер. Мұндай тылсымдар өз елімізде де көп

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда қазіргі ғылымға бағынбайтын құпиялар мен құпияларды жасыратын жерлер бар. Олар туралы адамдар ғасырлар бойы аңыз етіп келеді. Мен еліміздегі осындай аномальды аймақтардың бесеуін толық сипаттап, құпиясын ұғындыруға тырыстым.

Барсакелмес аралы

«Барсакелмес» деп аталатын аралды бәріміз білеміз, естігенде бірден түсінетініміз – «барсаң қайтпайсың». Бұл жер ежелгі заманнан бері адамдар онда жоғалып кететіндігімен, таңқаларлық жарық бағаналары мен НЛО-лардың пайда болуымен, сондай-ақ ерекше жануарлармен танымал болды. Бірақ аңыздардың көпшілігі мұндағы әртүрлі уақыт аномалиясымен байланысты.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өткен ғасырларда қашқын сотталушылар аралда бір-екі жыл өмір сүрген, ал туыстары үшін бұл ондаған жылдар күту уақытына созылған. Сонымен қатар, қазіргі заманғы экспедициялардың қатысушылары да уақыт аномалиясына түсіп қалған деседі. Бір кездері балықшылардың кемесімен қоса аралдың балықтарға бай жағалауына кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткені жайлы да естігенбіз.

Жергілікті тұрғындар олардың жоғалып кетуін Барсакелместің құпиясымен байланыстырады. Бірақ ғалымдар балықшыларды қатты дауылдың әсерінен жоғалып кетті, не болмаса тірі қалғандары улы жыландар мен кесірткелерден зардап шекті дейді.

Үстірт

Бұл үстірт шамамен 200 мың шаршы метрді құрайды. Қазақстан мен Өзбекстанның аумағын алып жатыр. Батысында Маңғышлақ пен Қара-Богаз-Гол шығанағы, шығыста Арал теңізі мен Амудария атырабы арасында орналасқан. Осы уақытқа дейін бұл орын ғаламшардағы зерттелмеген жерлердің бірі болып қала берді. Сонымен қатар, үстірттерге бірнеше жерлермен ғана көтерілуге ​​болады. Оның аумағында су қоймалары мен тұрақты өзендері жоқ. Бұл үздіксіз шөл басқан аймақ.

Үстірттің басты құпиясы - «Үстірттің жебелері», олар өз құпиясында әйгілі Наска аңғарындағы суреттерден еш кем түспейді. Жебелер биіктігі 80 см-ге дейін жететін қиыршық тастан жасалған. Әр жебенің ұзындығы 800-900 м және ені 400-600 м. Ең қызығы, барлығы солтүстік-шығысқа бағытталған. Бұл жебелер үлкен көлемді құрылымдар болғандықтан, оларды жерден немесе құстың ұшу биіктігінен көру мүмкін емес. Ғалымдардың өзі бұл жебелердің барын тек 1986 жылы аэрофототүсірілім кезінде білді.

Жебелерден алыс емес жерде ғалымдар таспен қашалған алып тасбақаларға ұқсас жануарлар бейнелерін тапты, олар да солтүстік-шығысқа бағытталған. Сонымен қатар мұнда Египет пирамидаларын еске түсіретін өрескел тастан жасалған кішігірім пирамидалар орналасқан. Көрсетілген бағытта шөлдің шексіз кеңістігінде салынған түп-түзу жол табылды. Нәтижесінде тастан жасалған ежелгі кешеннің космодромнан басқа ешнәрсе болуы мүмкін емес деген гипотеза пайда болды. Сонымен қатар, жергілікті зерттеушілердің әңгімелеріне сәйкес, олар аспанда НЛО-ның пайда болуын бірнеше рет байқаған.

Үстіртке байланысты басқа ғылыми гипотезалар да бар. Олардың біреуіне сәйкес, осы құрғақ аймақтар су жинауға арналған деп түсіндіріледі. Рас, бұл гипотезалар күмән тудырады, өйткені археологтар жебелердің осы аймақта әлдеқайда ертерек орнатылғанын және жебелер бұрын жұмбақ кешеннің оңтүстігіне қарай орналасқанын анықтады.

Ақыртас

Ақыртс VIII-IX ғасырлардағы сарай кешені. Жамбыл облысында орналасқан. Мұнда әрқайсысының салмағы 10 тоннаға дейін жететін қара-қызыл тас блоктардан тұрғызылған белгілі бір құрылымның қирандысы қалып қойған. Біздің уақытымызда да оларды қондыру өте күрделі инженерлік міндет болып табылады, сондықтан ежелгі құрылысшылар мұны қалай істегені түсініксіз.

Нысанның құрылысына өзгеғаламшарлықтардың қатысы бар деген нұсқа бірнеше рет ұсынылған. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар қаланың үстінен кейде НЛО көріп қаламыз деп мәлімдейді. Алайда бұл теорияларды растау немесе жоққа шығару мүмкін болмады.

Бірақ іс жүзінде сарай кешені өз территориясында болатын адамдарға белгілі бір әсер қалдыратынына күмән жоқ. Ақыртастың тастарымен жанасудан бастап, көпшіліктің қолдары мен аяқтарында жылу сезіле бастайды, кейбіреулер шаршау мен мазасыздықтан арылғандай болады. Біреулер көру және есту қабілеттерін шыңдайды, басқалары транс жағдайына түседі, ал біреулері өте мықты физикалық күшке ие болады. Бірақ бұл тастар барлығына жақсы әсер бере бермейді, кейбіреулер бұл тастарды ұстаған сәтте жүрек айну мен бас айналуды сезінеді. Оларға жер дірілдеп тұрғандай көрінеді.

Жергілікті тұрғындар мұның бәрін жоғары күштердің ісі деп түсіндіреді. Алайда ғалымдар бұл жер, тектоникалық ақау пайда болған аймақта қалыптасқан дейді. Сондықтан ғылыми тұрғыда бұл жердің құпиясы ашылған жоқ.

Өлі көл

Бұл шағын су қоймасының ұзындығы 100 метр және ені 60 метр. Көл Алматы облысындағы Сапақ ауылынан алыс емес жерде орналасқан. Бұл жер ланетаның ең қауіпті орындарының тізіміне енген.

Белгісіз себептермен ыстық жаздың ортасында да көл кеуіп кетпейді, су мұздай болып қала береді. Онда балдырлар өспейді, балықтар тіршілік етпейді, судағы жәндіктердің барлық түрлері жоқ, тіпті жағасында масалар мен шыбындар да ұшпайды.

Көлде жыл сайын бірнеше адам батып кетеді. Көлдің аты қайдан шыққаны түсінікті болар. Батып кеткендердің көбісі жергілікті тұрғындардың әңгімелеріне сенбей, шомылуға барған адамдар. Мұнда суға батқан адамдар бірнеше күннен кейін су бетіне көтерілмейді, ұзақ уақыт бойы батқан күйінде су түбінде ескерткіш секілді тұра береді. Белгісіз себептермен, ауаға толы сүңгуірлер де бірнеше минут суда болғаннан кейін тұншыға бастайды.

Аңыз бойынша, көл өзінің өлім қасиеттеріне жүз жыл бұрын ие болған.  Күйеу жігіт қызғаныштан дәл үйлену күні әйелін суға батырып өлтірген. Содан бері ол көл қарғыс атқан болып саналады. Ғылыми гипотеза бойынша көлдің мұндай зардап келтіруіне су түбіндегі жарықшадан бөлінетін улы газ кінәлі.

Қызылқұм шөлі

Қызылқұм - Амудария мен Сырдария аралықтарында орналасқан және үш мемлекеттің - Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан аумағын бірден алып жатқан Орта Азия шөлі. Мұнда ғалымдарды, уфологтарды және әр түрлі зерттеушілерді қызықтыратын және де толықтай зерттелмеген аномальды аймақтар әлі де бар.

Шөлдің басты тартымдылығы - Орталық Қызылқұмдағы таулардан табылған тасқа салынған суреттер. Онда скафандрдағы адамдар, сондай-ақ ғарыш кемесіне ұқсайтын заттарды бейнеленген.

Бұл суреттер өткен ғасырдың 90-жылдарында белсенді түрде зерттеле бастады, бірақ олардың нақты шығу тегі әлі белгісіз. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл жерлерде мезгіл-мезгілмен НЛО кемесі көрініп тұрады. Қызылқұмның үстінде түсірген әуесқой фотосуреттер де аз емес. Олардың түпнұсқалығы дәлелденбегенімен, жоққа да шығарылған жоқ.

Сонымен қатар, онда жүргізілген геологиялық зерттеулер шөлден табылған жыныстардың жердегі жыныстардан ерекше екенін айқындайды. Тағы бір ғылыми нұсқаның біріне сәйкес, бұл шамамен 30 жыл бұрын осы жерде құлаған өзгеғаламшарлық кеменің бөлшектері болған делінеді.

Жалғас Асамбай