Қоғам

Тіспен теретін копирайтер – көпшіліктің мотиваторы

Адамның мақсаты қаншалықты айқын болған сайын, соншалықты мүмкіндік бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

“Төсекте он жыл жаттым”, “Жатудан шаршадым”,” Өмірімді жақсартқым келедім”  деген бұл жігіттің есімі Шалқар.  Көпшілікке "тіспен теретін копирайтер" атымен белгілі.

“2010 жылы Шымкенттегі қазақ-түрік лицейін бітіріп, Нұр-сұлтан қаласындағы Назарбаев университетіне барып оқуға қабылдандым. Қайтар жолда Тараз қаласына, әпкемнің үйіне аяладым. Тамыз айы болатын, бассейнге шомылуға барып сол жерде омыртқамды сындырдым, аяқ-қолым жұмыс істемей қалды”, - делінген видео жолдауында.

“Жетістікке жетудің сан түрлі жолы бар”, “Омыртқам сынса да, өзім сынбадым” деп өзіне қайрат, өзгеге күш-қуат беретін Шалқарды мотиватор қырынан танитындар да бар. Сегіз қырлы бұл жігіт – біршама кітап бәйгелерінің жеңімпазы, коперайтерлік қабілеті де жақсы.

“Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос”,- деген Хәкім Абай атамыз. Ойланып қарайықшы, біз қазақ бір-бірімізді қаншалықты қолдаймыз, қаншалықты көмек қолын созуға дайынбыз. Осы секілді өмірдің таяғын жеп, мойымағандары қаншама, тасада қалып сағы сынғандары қаншама. Мейілінше бірімізді біріміз қолдауға тырыссақ, мейлі арбаға таңылған болсын, болмасын. Кейде көреалмушылық пен іштарлық кездесіп жатады. "Болар елдің баласы бірін-бірі батырым” деуші едіғой.