Қоғам

23 ақпан – қазақтың мейрамы ма?

23 ақпан бізде неге атап өтілмейді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін қандай күн? Бүгін 23 ақпан кеңестік «Отан қорғаушылар» күні. Кеңес Одағынан бөлініп, тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 30 жыл өткеніне қарамастан әлі осы мейрамды атап өтеміз. Алайда бұл мейрамды басқа посткеңестік мемлекеттер тойлайды ма?

Аталмыш мейрамды жыл сайын Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан атап өтеді. Мереке КСРО-да 1922 жылы 27 қаңтардан бері «Қызыл Армия күні», ал 1946 жылдан бері «Кеңес Армиясы күні» ретінде ресми түрде тойланады.

Қазір КСРО бар ма? Жоқ. Ал жоқ мемлекеттің қарулы күштер күнін атап өту қалай болар екен?

Көршілерде жағдай қалай?

КСРО ыдырағаннан кейін көптеген посткеңестік мемлекеттер өз Отан қорғаушылар күнін бекітті.

-Өзбекстан 1993 жыл,14 қаңтар;

-Украина 2014 жыл, 14 қазан;

-Әзірбайжан 1998 жыл, 26 маусым;

-Грузия 1990 жыл, 30 сәуір;

-Армения 1992 жыл, 28 қаңтар.

Бізде қалай?

Қазақстан Республикасының Қарулы күштері 1992 жылы 7 мамыр күні құрылды. Сол кезден бастап елімізде Отан қорғаушылар күні 23 ақпанда емес, 7 мамырда аталады. Көптеген отандастарымыздың түсінігінде 7 мамыр мен 23 ақпан Ерлер күні болып есептеледі. Бірақ Отан қорғаушылар күнін тек ерлермен байланыстыру – үлкен қателік. Отаның қорғамаған, әскерге бармаған қаншама жігіт бар? Ал әскерге барып, отан алдындағы парызын өтеген, қазір де өтеп жүрген қыз-келіншектер қаншама?

Мәселен, жерім, елім деп Кеңес заманында Ұлы Отан Соғысында қан төккен апаларымыз да жеткілікті. Олардың қатарында Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова, Ғарифа Рахметова, Замиха Наушева, Мүслима Қожахметова, Роза Момынова, Әсия Ғалымова, Қаламсия Ермекова, Әзима Ниязғалиева және де тағы басқа қазақтың қыз келіншектері толып жатыр. Айта кетсек, ашық дереккөздерде Ұлы Отан Соғысына 600 мыңнан астам қыз-келіншек қатысты делінген.

23 ақпанды атап өтетін мемлекеттер: Ресей, Беларуссия, Тәжікстан, Қырғызстан.