Bugin

Қазақстанға зиян: Ресеймен арадағы экспорт азайып кетті

Мұнай экспорты екі есе азайған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ресейдің Қазақстаннан сатып алатын тауары азайып кетті. Қазақстанның 2020 жылғы көрші елмен экспорты 13,2%-ға төмендепті. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Lsm.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Ресейге негізінен қара және түсті металл, мұнай мен дәрі-дәрмек, азық-түлік тасымалдайды.

Былтыр мырыш – 37,8%, мыс – 13,1%, тас көмір – 15,2%, табиғи газ – 47,6%, алюминий – 30%, қара метал сынығы – 53,7%, мұнай өнімдері – 47,2%, хром – 51,4% азайған.

Есесіне, кен түріндегі мырыш – 66,1%, қымбат металл – 38%, трамвай бөлшектері – 57,9% көбейген.

Ал азық-түлік 12,4% азайса, дәрі-дәрмектікі – 4,7% азайған.