Әлеумет

"Әр балаға 42500 теңгеден"

Көпбалы аналар жәрдемақыны көтеруді талап етті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бес сәбидің қазасын “Ұлттық трагедияға” балаған Нұр-Сұлтандық көпбалалы аналар депутаттарды осылай іздеп келді. “Елімізде аналарға толыққанды жағдай жасалмай, қайғы азаймайды” деген олар үкімет пен “Нұр Отан” партиясынан жәрдемақыны көтеруді де талап етті.  Бұл туралы bugin.kz  платформасы 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Аналар “мәселе дәл бүгін шешілмесе де, нұротандық бір депутат немесе Бауыржан Байбек сөзімізге құлар асар” деп үміттенді. Бірақ, ешкім келмеді. Аналар “күн өткен сайын кедейшіліктің қысып бара жатқанын”, “жәрдемақыларының ас-судан артылмайтынын” айтты.

Жиналған көпбалалы аналар мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы күлкілі деп басып айтты. Бір бала болсын, екі бала болсын әр балаға 42500 теңгеден берсін деп талап қойып отыр. Себебі аналардың табысы тек қана тамақ пен пәтер ақысына жетеді екен.

Екі сағат бойы аналарға ешбір депутатты шақырып бере алмаған нұротандықтар онлайн кездесу ұйымдастыратынын айтты.

Ашық түрде қазір жазып оларға, кездесуді солай ұйымдастыратын боламыз. Кездесу онлайн форматта, республикалық қоғамдық қабылдауда үнемі өтіп жатыр, қазір тағы да солай өте беретін болады”, – деді Nur Otan партиясының Нұр-Сұлтан филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Кәрібек.

Нұротандықтар аналардың айтқан "мәселесіне қанықпыз, шешуге сеп боламыз” деді. Дегенмен, аналар жыл басталғалы осылай бірнеше рет жиналып, талаптарын айтса да, депутаттар бір рет қана кездесуге келген. Оның өзінде нақты мәміле болмаған. Аналар болса: “жауаптылар мәселені шешпейінше, біз жиналуды тоқтатпаймыз” деп, бекініп отыр.