Спорт

Роналдудан кезекті рекорд

«Ювентус» 22  ақпан күні Италия А сериясының 23-турында «Кротоне» клубын қабылдап, 3-0 есебімен жеңіске жетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Туриндік клубтың шабуылшысы Криштинау Роналду аталмыш ойында қарсылас команда қақпасына екі гол соғып, дубль авторы атанды.  Нетижесінде португалдық футболшы ағымдағы маусымның барлық турнирінде 25-ші голын соқты. Сонымен қатар, 36 жастағы футболшы 14 маусым бойы кемінде 25 гол соғып келуде.  

Роналду ағымдағы нәтижені 2007/08 ден бастаған, ол кезде «Манчестер Юнайтед» клубының намысын қорғаған болатын.

Роналдудың әр маусымда соққан голдары:

2007-08 — 42 гол
2008-09 — 26 гол
2009-10 — 33 гол
2010-11 — 53 гол
2011-12 — 60 гол
2012-13 — 55 гол
2013-14 — 51 гол
2014-15 — 61 гол
2015-16 — 51 гол
2016-17 — 42 гол
2017-18 — 44 гол
2018-19 — 28 гол
2019-20 — 37 гол
2020-21 — 25 гол*

Дереккөз: sport24.ru