МӘДЕНИЕТ

2021 жылғы көктем-жаз айларының сәнді түстері

Жарқын барқыт, көк аспан, шырынды таңқурай, сергітетін жалбыз, теңіз көгі және жазғы күн – Panton Color Institute карантинде отырып жалыққан әлемге жарық пен қаныққан табиғат реңктерін ұсынады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Panton Color иститутының негізгі палитрасы 10 реңкті қамтиды. Олар:

  1.  Marigold (сарғыш сары)
  2. Cerulean (аспан көк)
  3. Rust (тот түсі)
  4. Illuminating (ашық сары)
  5. French Blue (ашық көк)
  6. Green Ash (ментол түсті)
  7. Burnt Coral (коралл түсті)
  8. Mint (жалбыз түсті)
  9. Amethyst Orchid (аметист түсті)
  10. Raspberry Sorbet (таңқурай түсті)

Acne Studios, Balenciaga, Burberry сән үйлері 2021 жылға Marigold түсін ұсынады. Апельсин реңкі бар Marigold түсі жылу беріп қана қоймай энергия мен оптимизмге қанықтырады.

Tadashi Shoji, Adeam-нің ойынша ақшыл көк реңкті Cerulean түсі сізді еріксіз аспанға қарауға мәжбүр етеді, себебі ашық күнде көгілдір түс дәл осылай көрінеді.

Gabriela Hearst, Eudon Choi, Dior сән үйлерінің ойынша күзгі жапырақтарды еске түсіретін Rust қоңыр түсі көктемгі палитрада «бейтаныс» көрінгендігімен, өте керемет көрінеді деп есептейді.

Ашық сары Illuminating түсі болса, айналаның барлығын расыменде сіздің гардеробыңыздан шыққан күн секілді жарықтандырады. Бұл түсті биылғы жылдың нағыз тренді деп Jason Wu, Preen by Thornton Bregazzi, Prada сынды сән үйлері санайды.

Көктемгі Парижге саяхаттағыңыз келсе, ашық көк French Blue түсін таңдап, арманыңызды керемет эмоцияларға толы өңіңізге айналдырыңыз.Ашық көк түсті сіздерге Alberta Feretti және Andrew Gn ұсынады.

Сәнді Pantone палитрасының ішіндегі Green Ash түсі қанық ментолдың нәзіктігін жеткізеді.Ол бір уақытта қуаттандырады, сергітеді және тыныштандырады. Бұл түс Raphael de Lacroix, Miu Miu, Versace үйлерінің таңдауына айналды.

Пантонның эксперттері мен Chanel сән үйі 2019 жылдың фавориті – коралл түсті Burnt Coral-ды еске түсіруді ұсынады. Бұл әсем реңк өткен жылдары басқаша атаумен танылғанымен, сол қалпы жұмсақ әрі нәзік қалпын жоғалтпаған.

Суық реңкті «Mint» түсі өзінің атауын толығымен ақтауда. Ол көңіл күйді толықтырушы, жұпар иісті мұрныңа еріксіз әкеледі деп есептейді Alice және Olivia бренді.

Isabel Marant бренді болса өз атынан күлгін Amethyst Orchid түсін ұсынады. Брендтің есептеуінше бұл түс көктем-жаз коллекциясының тренд сыйлайтын әшекейі.

Италияндық MSGM брендінің ойынша Raspberry Sorbet шырынды әрі дәмді таңқурай түсі еліктіріп, еркелететіндігі сонша «татып» көрмейінше асық болатындығың анық дейді.