Қазақстан жаңалықтары
30 мың АҚШ доллары мен 5 млн теңгесін алып кеткен
Қарағандылық тұрғын 17 млн теңге көлеміндегі ақшасын көршісіне сақтап қою үшін беріп, ақша жоғалғандығы туралы полицияға шағым түсірген, деп хабарлайды Bugin.kz.
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 64 жастағы қала тұрғыны хабарласқан.
Азаматша құқық қорғау қызметкерлеріне бірнеше күн ауруханада жатқанын, үйіне келгенде үйіне ұры түскенін хабарлаған.
Зейнеткердің сөзінше, белгісіз біреулер оның үйіне кіріп, 30 мың АҚШ доллары мен 5 млн теңгесін алып кеткен.
Аталмыш факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалған. Полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау барысында азаматша қомақты қаражатты ауруханаға жатар алдында көршісіне қалдырғанын есіне түсірді.
Ал көршісі зейнеткердің ақшасын өзіне қайтарып берді.