Bugin

Жетпіске келген Қожа қайда жүр?

Еңбектеген баладан, еңкейген жасқа дейін “Қазақфильм” студиясының балаларға арнап түсірген “Менің атым Қожа” фильмін тамашаламаған адам жоқтың қасы шығар, сірә!?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бердібек Соқпақбаевтің “Менің атым Қожа” повесінің желісімен жазылған бұл фильм 1963 жылы алдымен орыс тілінде “Меня зовут Кожа” атауымен қалың көпшілікке жол тартқан. Фильмнің орыс тілінде жарық көруінің себебі сол кездегі совет кезеңінің тіл мен дінге қойған талаптарының басым болуы еді. Ал қазақша нұсқасы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана экран алдына шыққан.

Бүгінде кинодағы басты рөлді сомдаушы Нұрлан Сегізбаев 70 жасқа келді. ”Қазақфильмнің” шедевр киносына түсемін деп ойламаған Нұрлан ол кезде киностудияға қарама-қарсы орналасқан мектептің бесінші сынып оқушысы болған. Нұрланды мектеп алдында бірқатар баламен жаға ұстасып жатқанын көрген фильм режиссері Абдулла Қарсақбаев өз киносына түсетін басты кейіпкерді тапқанын сезеді. Содан бастап Нұрланның Қожа рөліндегі өмірі басталған. 

Міне содан бері жадымызда бала Қожаның бейнесімен қалған Нұрлан Сегізбаев бүгінгі күні киноға түспесе де, қазіргі қызметі киномен байланысты. Философия ғылымының кандидаты, сондай-ақ бірнеше кітаптың авторы қазіргі таңда “Қазақфильм” шаңырағында сценарист болып жұмыс істейді. Өзі түскен бұл фильмнен кейін қанша киноға шақырту алса да актер ұсынысты қабылдамағанын жеткізді. Оған ұнамайтыны ол киноны емес, кино оны таңдауында екен.

Ал кино желісі бойынша Қожаны ес-түссіз ғашық етіп, алғашқы бала махаббаты болған кейіпкер Жанардың жасы биыл 68-ге таяған екен. Ол кезде үшінші сыныптың тәртіпті, ибалы оқушысы болған Гүлнар Қарабаева да киноға ойда жоқта келгенін жеткізген. ”Менің атым Қожа” фильмінен кейін өзге киноларға шақырту алса да, түспеген екен. Бүгінде Гүлнар Қарабаева – институтты аяқтап, инженер мамандығын игеріп шыққан білікті тұлға.