Bugin
Зиянды тағамдардан ас қорыту процесі бұзылады
Адам ағзасына өте зиян тағам түрлері анықталды. Бұл тағамдарды жиі тұтынған адам түрлі ауруға шалдығады.
1) Чипсы және лимонад
Алғашқы болып бұл тізім көшін чипсы өнімдері мен лимонад сусыны бастап тұр. Чипсы құрамында жоғары концентратты бояғыш пен дәмдеуіш көп мөлшерде кездеседі. Оны көп тұтынған адам ағзасында қатерлі ісік тудыратын көптеген канцероген түзіледі екен. Ал лимонад сусынын көп ішкен жағдайда адам күйзеліске, ашушаңдыққа шалдығады.
2) Шұжықтар мен қапталған ет өнімдері
Мамандардың кептірілген ет пен шұжықтарды қауіпті тағамдардың қатарына жатқызып отырған бірден бір себебі бұлардың құрамында қоюландырғыш, май алмастырушы заттар, реттеуіш, иістеуіш, түрлі дәмдеуіш қоспа жоғары мөлшерде кездеседі.
3) Фастфуд
Тағамның атауында көрсетілгендей тағам тез арада даярланады және барлық түрі бірнеше рет қуырылған майда қайта дайындалады. Фастфуд тағамы асқазанның ас қорыту процесін бұзатынын еске саламыз.