Қоғам

Өрттен зардап шеккен отбасына блогерлер көмектесті

22 ақпанда қызылордалық блогерлер өрттен зардап шеккен отбасына 7 миллионнан аса ақша жинап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Естеріңізге сала кетейік, 6 күн бұрын Қызылорда қаласында қайғылы оқиға орын алып, тілсіз жаудан 6 айлық сәби көз жұмды.

Халық жүрегін сыздатқан бұл оқиға ешкімді бей-жәй қалдырмады. Әлеуметтік желі белсенділері де қол қусырып қарап отырмай, қор ашып оқырмандары арқылы қаражат жинады. Нәтижесінде 7 миллион теңгені үйі өртке оранған отбасына табыстады.

Сонымен қатар хикмет қоры 27 миллион теңге жинап, Текебаевтар жанұясына жаңа баспана алып берді.

Зардап шеккен жанұяға қол ұшын созған блогерлер:

Ақтолқын Серікбай (robotkelin)- 3,5 млн теңге

Akudaika_altynai – 2 млн теңге

Pp_asel_sport - 1,5 млн теңге қаражат жинап берді.

Естеріңізге сала кетейін Қызылорда маңындағы Қызылжарма кентінде көпбалалы отбасы тұрып жатқан үйде бір сәби қаза болды. Өрт отбасы мүшелері ұйықтап жатқанда орын алған, балалардың анасы Дамираа 4 қызын құтқарып, бесіктегі шақалақты өрттен аман алып қала алмапты. Ал отағасы жұмыста болған.