65 жастан асқан қазақстандықтар COVID-19-тан вакцинация ала алады

Бүгінге дейін 20 мыңға жуық қазақстандық вакцинациядан өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

65-тен асқан қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцина егуге рұқсат етілді.  Бұл туралы елдің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеді. Жоғарғы жас шегі бойынша шектеулер алынып тасталды. Аға ұрпаққа вакцинаны қолданар алдында мұқият тексерістен өту керек. Аурулары болмауы керек, - дейді бас санитарлық дәрігер.

Бұған дейін 65-тен асқан қазақстандықтарға вакцинация ұсынылмаған. Қазақстанда коронавирусқа қарсы ерікті вакцинация 1 ақпанда басталды.  Дәрігерлер ресейлік вакцинаны қолданады.  


Бүгінге дейін 20 мыңға жуық қазақстандық вакцинациядан өтті.  Бұл негізінен пандемияның басынан бастап қауіпті вируспен күресте алдыңғы қатарда болған дәрігерлер.

Болашақта, қазіргі уақытта клиникалық зерттеулердің 3-ші кезеңін өткізіп жатқан отандық 
QazCovid-In препараты да қосылады.  Жалпы, жыл соңына дейін 6 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина егу жоспарланған.