Қоғам

Садақадан баспанаға дейін

"Садақа бәле жаланы қайтарады және өмірді ұзартады"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі таңда  баспанаға зар болып отырған көп балалы,  жалғызбасты,  жетім жесір көп. Осы тұста жетім жесірдің баспаналы болуына себепші болып отырған Харекет Қайырымдылық қоры жайлы айта кеткім келеді.

Харекет Қайырымдылық қоры – hеспубликалық қор, директоры Гүлмира Мұханқызы. Әр қаланың еріктілері, өздерінің жауапты өкілдері бар, барлығы жұмылып әр істі  жауапкершілікпен бірге жасай отыра,  мұқтаж отбасыларды қуантуға асығып тұрады.

Ерікті болу еріккеннің ісі емес

Жақсылыққа жаны құмар, сауапты істің басында жүретін, әр істе белсенділік танытатын Харекеттің еріктілері бір үйдің баласындай тату тәтті.

Қазақ қазаққа көмектеспесе, ешкім көмектеспейді. Сондықтан өзімізді түсіретінде, көтеретінде өзіміз екенімізді ұмытпайық.