Экономика

Интернет арқылы ақша табу

Интернет арқылы ақша табуға бола ма, жоқ па деген сауалдың басы ашық. Бүгінде миллиондаған адам интернет арқылы жақсы табыс тауып, тіпті соны негізгі кәсібі етіп алғаны осыны айғақтайды. Интернет-бизнесмен деп аталатын бұл кәсіптің иелері үйінде компьютердің алдында отырып қомақты ақша тауып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақша табудың сенімді түрі – өз ақпарат тауарларыңызды шығару.

ХХІ ғасырды ақпарат ғасыры деп тектен текке айтып жүрген жоқ. Ақпаратты иеленген адам қазір бәрін де иелене алады. Ақпарат ең өтімді және пайдалы тауар болып саналады. Сондықтан ғаламтор арқылы ақша табамын десеңіз ақпарат тауарларын жасауға маманданыңыз.

Ақпарат тауарын қалай жасауға болады? Әрбір адам белгілі бір саланың сарапшысы (эксперті) сияқты. Мәселен, сіз гитараны жақсы тартатын болсаңыз, өзіңіз жақсы білетін осы өнер түрі туралы ақпарат тауарын жасай аласыз. Ол үшін гитараны қалай тартып, үйренуге болатыны жайлы бейнесабақ түсіресіз. Оны арнайы бейнекамера арқылы, болмаса ұялы телефонмен де түсіруге болады.

Міне сол гитара тартуды қадамдап үйрететін түсірілімді ақпарат тауар ретінде сатуға шығарыңыз. Оны тіпті дискіге жазудың да қажеті жоқ. 

Бейнекурстармен бірге сіз электронды кітап түрінде де өз ақпарат тауарыңызды жазып, сата аласыз. Мәселен бауырсақ немесе басқа кондитерлік өнімді пісірудің рецептерін, болмаса балық аулау тәсілдеріне арналған электронды кітап шығаруыңызға болады. Мұның бәрі – ақпарат тауарлары.

Егер ақпарат тауарларыңыз жоқ болса…

Егер сіздің ақпарат тауарларыңыз жоқ болса немесе оны дайындау амалдарын білмесеңіз, онда қалай ақша табуға болады? Глопарт қызметі арқылы кез келген адамның ақша табуына мүмкіндік бар. Ол үшін сіз глопартқа тіркеліп, серіктестік (партнерлік) бағдарлама бойынша басқа интернет кәсіпкерлердің ақпарат тауарларын сата аласыз.

Интернет кәсіпкерлер сізге қуана-қуана өз тауарларын сатуға береді. Сол үшін сіз тауардың 30-50, тіпті одан да жоғары пайызы көлемінде комиссия ақысын алып отырасыз. Глопартта ақпарат тауары өте көп және күн сайын жаңа тауарлар түсіп отырады. Яғни сіз өз қалауыңызша кез келген ақпарат тауарын таңдап алып, сата аласыз.

Тек әріптестік бағдарламаға қатыса отырып, өзгелердің тауарларын сату арқылы күректеп табыс тауып жүргендер көп. Сондықтан бұл бүгінде көптеген адамның қосымша, тіпті негізгі табыс көзіне айналды.