Қазақстан жаңалықтары
Ресми өкілдер жауап берді
Қазнетте мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуде (ҰБТ) шет тілін тапсырмайтыны туралы ақпар тарады, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.
ҰБТ-ның Instagram мессенджеріндегі ресми парақшасы аталмыш қауесет сөзге жауап берді.
«Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде ҰБТ-дан шет тілінің алынып тасталғаны туралы жалған ақпарат тарап жүр. Шет тілін ешкім алып тастаған жоқ. Ол бейінді пәндер тізімінде қалды» делінген жазбада.