Bugin

Орыстарға жағынған Жапаров Ресейге іссапармен барды

Несие алғысы келеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бүгін іссапармен Мәскеуге барды. Бұл – оның президент лауазымына кіріскеннен бергі алғашқы шетелдік сапары. Мұны Bugin.kz платформасы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кремль баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Қырғызстан президенті мен Ресей президенті Владимир Путин кездесіп, екі елдің саяси және сауда-экономикалық, мәдени байланыстары жайлы сөз қозғамақ.

Сондай-ақ Жапаровтың бастамасымен екі ел арасындағы серіктестік қатынастарын одан әрі дамыту және басым бағыттарынын талқылауға көбірек мән берілмек.

Қырғыз тарапы Ресейден тасымалданатын табиғи газ бағасын төмендеуді, сауда-саттықты ұлттық валютамен жүргізуді, энергетика жобаларына ресей компаниялар тартуға көмектесуді өтінбек. Сондай-ақ, Қырғызстан өзінің отандық ауыл шаруашылық тауарларын Ресейге көптеп жіберуді қалайды.

"Келіссөз барысында біз Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры аясында Қырғызстанға несиелік көмек көрсету тақырыбын қозғағымыз келеді", - дейді Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев.

Ал Ресей тарапы Қырғызстанға "Спутник V" вакцинасын жеткізу мәселесін қозғамақ.

Ресей басшысымен кездесуден кейін Садыр Жапаров ресейдің бизнес өкілдерімен және ресей жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қырғыз студенттерімен кездесу өткізеді.

Айта кеткен жөн, іссапар алдында қырғыз президенті Садыр Жапаров дипломатиялық тәсіл ретінде Ресейге арнап хат жазған еді. Мұнда ол қырғыз бен орыс халқының атам заманнан дос, тату екенін және Ресейді бауырлас ел көретінін жазған-тұғын.