Әлем жаңалықтары
Коронавирустық пандемия келесі жылдың басында аяқталады. Мұндай болжамды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ганс Клюге жасады
«Нашар сценарий артта қалды. Қазір біз вирус туралы 2020 жылдағы білгендерімізден көбірек білеміз», - дейді шенеуніктер Данияның DR телеарнасындағы соңғы шығарылымда.
Клюгенің айтуы бойынша вирус адамдардың арасында жойылып кетпейді, бірақ көрсетілген күнге дейін шектеулер қажет болмайтынын баса айтты. Сонымен қатар, Клюге бұл тек болжам екенін атап өтті. Себебі әзірге ешкім жағдайдың қалай дамитынын нақты айта алмайды.
Ақпан айының ортасында ДДҰ-ның Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович коронавирустың үшінші толқыны, адамдар «абай болмаған» жағдайда болуы мүмкін екенін айтты. Сонымен қатар Вуйнович пандемияның аяқталуы туралы әлемнің барлық аймақтарында эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде ғана айтуға болады деді. Ал коронавирустың салдары, денсаулық сақтау саласының қалыпты жұмысына кедергі жасамайтынын баса айтты.
ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус өз кезегінде вакцинацияны кейінге қалдырмауға шақырды. Мутация мен жаңа штамдардың пайда болуына байланысты қолданыстағы вакциналар пайдасыз болып қалуы мүмкін.
Әлемде коронавирусты 111 миллионнан астам адам жұқтырды, 2,5 миллионға жуығы қайтыс болды. Ауру жұқтырғандар мен зардап шеккендердің көпшілігі АҚШ, Үндістан және Бразилияда.