Денсаулық
Сарымсақ денсаулыққа пайдалы, көзге зиян
Сарымсақты көп тұтыну денсаулыққа зиян. Бұл туралы Bugin.kz платформасы қытайлық Sohu басылымына сілтеп хабарлайды.
Басылымның жазуынша, сарымсақты көп тұтыну көз аурулары бар науқастарда дене қызуының көтерілуі, терлеу, құлақ шуылы, ауыз қуысының құрғауы, бас ауыруы және тағы басқа жағымсыз әсерлерді туғызады. Сондықтан 50-60 жастан асқан адамдардың көру қабілеті нашарлайды.
"Сарымсақты көп пайдалану жайлы халық арасында мынадай пікір қалыптасқан "сарымсақ денсаулыққа пайдалы, көзге зиян" " делінген ИноСМИ аударған мақалада.
Алайда сарымсақты тұрақты қолданылу денсаулыққа пайдалы. Сарымсақ қандағы қантты төмендетеді. Қабыну мен инфекцияға қарсы әсер етеді.