Қоғам

Нұрсұлтан балабақшаларында жан басына қаржыландыру көлемін азайтуды ұсынды

2021 жылы қаржыландыруды әр балаға 38 028 теңгеден 30 859 теңгеге дейін төмендету ұсынылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтан балабақшаларында жан басына қаржыландыру көлемін азайтуды ұсынады. Бұл туралы қалалық қоғамдық кеңес отырысында астаналық білім басқармасы бастығының орынбасары Дулат Шоғанбай айтты.

«Әрбір мектепке дейінгі жастағы балаларды қаржыландыру мөлшері – 38028 теңге, ал инклюзивті мектепке дейінгі жастағы балалар үшін – 84075. 2021 жылы карантин мерзімінде мектепке дейінгі жастағы балалардың жан басына қаржыландыру көлемін анықтау қажет. Ұсынылған сома әрқайсысы үшін 30859 теңгені құрайды. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін оқу процесінің толықтай қысқаруын және коммуналдық қызметтерге 45% төмендеуін ескереді», - деді Дулат Шоғанбай.