Спорт

Танымал промоутер «Канелоны» айыптады

Британдық промоутер Эль Сиеста мексикалық Сауль «Канело» Альварестің Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келмегені туралы пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Британдық промоутер Эль Сиеста мексикалық Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жекті орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өткізгісі келмегені туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

"Канело  GGG мен болатын жекпе жектен қашып жүр, себебі  бұл өте қиын ақша. Мен Головкиннан кешірім сұраймын, оған ұзақ күтуге тура келді. Ешкім онымен 10 жыл арасында  жекпе жекке шыққысы келмеді", - деп келтіреді Сиеста оның Siesta Boxing Promotions компаниясының Twitter-дегі парақшасында.

Еске салсақ, Канело мен GGG бір-бірімен екі рет жекпе-жек өткізді: 2017 жылғы бірінші жекпе-жекте тең ойын тіркеліп, бір жылдан кейін Альварес көпшілік шешімімен жеңіске жетті. Қазіргі кезде мексикалық боксшы орта салмақтағы барлық титулдарды мақсат етіп отыр.