МӘДЕНИЕТ
Заманауи технология бұқаралық ақпарат көздеріне де жаңа жанрлар мен тенденциялар əкелді
ХХІ ғасыр – ғылыми техникалық революцияның шарықтау шегіне жетіп, адамзат өркениетінің жаңа цифрлық деңгейге көтерілген кезеңі . Өткен ғасырдың соңында басталған жаhандану үрдісі əлем елдерінде біртұтас жаhандық-ақпараттық нарық қалыптастырып, мəліметтік қамалды, яғни барьерді біртіндеп жоюға əсерін тигізеді. Заманауи технологиялардың адам өмірінің барлық салаларында қолданылуы қоғам дамуының заңдылықтарын айқындап , əлеуметтік-саяси мəселелер жайлы мағұлмат беретін бұқаралық ақпарат көздеріне де жаңа жанрлар мен тенденциялар əкелді.
Менің ойымша, ғаламтордың индивидуализациялануы дəстүрлі жаңалық тарату жолдарының эволюциясы мультимедиалық журналистиканың қалыптасуына ықпал етті.
Мультимедиалық журналистика дегеніміз не жəне оның дамуының басты трендтері қандай?
Цифрлы журналистика ғаламтордың дамып, өркендеуінің нəтижесінде пайда болған медиасфераның жас жанры . Заманауи журналистикаға жылдамдық, инфоцентрлік жəне интерактивтілік тəн.
Журналистиканың жаңа медиаконтексті қоғам өмірінде медиакеңістіктің негізін қалады. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ ,бірнеше он жылдық бұрын тілшілер өз бағдарламаларын теледидар арқылы көрсету үшін телемұнараға арнайы жазылған кассетаны жеткізіп үлгеруі қажет еді. Ал баспа ісімен айналысатын журналистер мақаласын жариялау үшін жəне газет беттерін құрастыру үшін көп тер төгетін. Цифрлы журналистика аталған мəселелерді шешіп , оқиғаны дəлме - дəл уақытта жариялап , халыққа сенімді хабар жеткізуге мүмкіндік берді. Сондықтан журналистика Арнольд Мэтьюдің сөзімен айтсақ жол- жөнекей жазылатын əдебиетке айналды. Сонымен қатар, ұялы телефондар мен планшеттерге арналған арнайы қосымшалар жаңалықтың жылдам, мобильді түрде таралуының кепілі болып табылады.
Ғаламтор – қолданушылардың ақпарат жəне пікір алмасуына арналған жүйе. Сол себепті мультимедиалық журналистика оқырмандарға өз ойларын еркін жеткізуге жағдай жасаған. Жаңалықтар сайтындағы арнайы функциялардың көмегімен оқырман белгілі бір оқиғаға қатысты өзінің сын пікірін білдіре алады. Сондай- ақ интернет журналисткасы арқылы мамандар түрлі əлеуметтік сауалнамалар мен зерттеу жұмыстарын кең аудиторияны қамту арқылы іске асыру мүмкіндігіне ие. Еуропадағы халық билігінің жоғары болуы дамыған елдердеге электронды журналистиканың қоғамдық санада жене социумда өз орнын тауып , билік өкілдерімен берік байланыс орната білуінде деп білемін , сондықтан төртінші билік өкілдерінің ғаламтор желісінің арқасында халықты жан - жақты шынайы ақпаратпен қамтамасыз етудің қайнар көзіне айналды.
Меніңше , қазіргі жаhандану кезеңінде журналистер түрлі комьпютерлік қосымшалар мен бағдарламаларды меңгеруі тиіс.
Заман ағымы мен қоғам талабы өзгерсе де, басты мақсаты мен принциптері – объективті əрі шынайы ақпарат жеткізіп, дүние жүзі тарихын жазуға үлес қосатын журналистика саласы əрдайым жаңарып өркендеп отырады. Сондықтан мультимедиалық журналистка – ақпараттық технологиялар дəуірінің басты символы, темір гаджеттер əлеміндегі өнертабыстардың үздігі.