Қазақстан жаңалықтары

Тағы да халық алданды

Қаржы пирамидасы әшкере болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бір жыл бұрын Павлодар облысында құрылған «Лидер Капитал 168» МҚҰ ЖШС қызметі тоқтатылды. Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметінің айтуынша, «Лидер Капитал 168»-де қаржы пирамидасының белгілері болған, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы zhasalash.kz-ке сілтеме жасап. 

Аз уақыт ішінде  бұл ұйымға 100-ден аса адам алданған. Оларға салым сомасынан 10 пайыз табыс түседі деп уәде еткен.

Қаржы пирамидасы бойынша соталды тергеу басталды.

ҚР Ұлттық банк түсіндірмесіне сәйкес, Қазақстан аумағында халықтан ақша тартумен тек екінші деңгейдегі банктер мен уәкілетті органның лицензиясы негізінде Ұлттық пошта операторлары айналыса алады.

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі күмәнді компанияларға ақша салмауға шақырады. "

"Осы ұйымның арбауына түссеңіз, мына сенім телефондарына хабарласуды сұраймыз: 8 (7182) 61-33-05,  8 702 816 01 81", — делінген хабарламада