Денсаулық
Аптаның 5 күні ұйқыңыз қанбай, есесін демалыс күндері қайтарып жүрсіз бе? Онда оқыңыз
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖұмыс күндері 5 сағаттан аз ұйықтап, ал демалыста күні бойы ұйықтап жататын адамдарда ерте өлім қаупі күн сайын уақытылы ұйықтап тұратын адамдардан гөрі жоғары болады.
Швед ғалымдары зерттегендей, қысым, холестерин деңгейі және дененің басқа да маңызды көрсеткіштері апта бойы 7-8 сағат ұйықтамай, демалыс күндері ұзақ ұйықтайтын адамдарда нашар болды. Сонымен қатар, демалыс күндері ұйықтау ұйқысыздыққа әкелуі мүмкін.
Жұмыс және демалыс күндері ұйқының әртүрлі ұзақтығы семіздікті, бас ауруын, созылмалы шаршауды тудырады. Жүрек-тамыр ауруларының дамуын тежеп, инсульт пен инфаркт ықтималдығын арттырады. Мысалы, семіздікке қатысты метаболикалық процесстер күнделікті ырғаққа бағынады және олар үшін қалыпты ұйқы маңызды.
7-8 сағат ұйықтап, спортпен шұғылданып,өз денсаулығыңызға қарауды ұмытпаңыз!
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61