Экономика
Жолаушылар тасымалы қызметінің бағасы 6%-ға төмендеді
Ағымдағы жылдың қаңтар айында еліміздегі авиакомпаниялар кірісі 19,6 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,8% -ға аз. Соның ішінде 17,9 млрд теңге жолаушылар тасымалынан болса, 1,7 млрд теңге жүк тасымалдауынан түскен.Бұл туралы Bugin.kz платформасы Finprom.kz -ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Анықтай кетсек, өткен жылдың қаңтарында кірістер бір жылдың ішінде 31,3 % -ға өсіп, 33,1 млрд теңгеге жетті.
Еліміздің авиакомпаниялары 2021 жылдың қаңтарында 2,5 мың тонна жүк пен багаж тасымалдады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 34,1%-ға артық.
Жүк айналымы 5,4 млн тонна-километрді құрап, бір жыл ішінде 25,6%-ға өсті.
Елімізде « Эйр Астана, SCAT, QAZAQ Air және Fly Arystan» және де тағы басқа көптеген әуе компаниялары қызмет көрсетеді.
Эйр Астана авиакомпаниясы уақытылы орындалған рейстері туралы ақпарат берді. Рейс кестеде көрсетілген уақыттан кейін 15 минуттан кешіктірмей ұшып шыққан немесе ұшқан кезде аяқталған болып саналады.Компанияның мәліметтері бойынша, 2021 жылғы 18 ақпандағы жағдай бойынша соңғы 30 күндегі рейстің орташа уақыты 90,9% құрады. 2020 жылы ұшудың орташа уақыты 87,6% құрады.
Әуе жолаушыларды тасымалдау қызметтерінің бағасы қаңтарда айына 1,1% және жылына 5,9% төмендеді.
Ескерту: 2021 жылдың 1 наурызынан бастап FlyArystan әуе кемесінің салонына салмағы 5 кг-дан аспайтын және өлшемдері 56х23х36 см бір ғана қол жүгін алуға рұқсат етіледі.
Фото: Pixabay.com