Саясат
Олар аязды күні далада жиналды
Далада 30 градус аяз болғандықтан, әкімдік өкілдері әйелдерді "Астана" концерт залына (бұрынғы Конгресс-холл) ертіп барды, ыстық шай беріп, микрофон қосты.
Әкім Бақыт Сұлтанов кездесуге келе алмады, орнына орынбасарын жіберіпті.
"Көп балалы аналармен кездесуге Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен Астана қаласы қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин қатысып жатыр", - деп хабарлады әкімдіктегілер.
Әйелдер өз проблемаларын айтып, нақты іс-әрекеттерді талап ету үшін жиналды.
Көпбалалы отбасындағы трагедия
Дүйсенбі күні түнде, 4 ақпанда көп балалы отбасы тұратын үйден өрт шығып, бес қыз көз жұмды. Балалардың ата-анасы түнде жұмыс істеген. Кеше апалы-сіңлілі қыздар жер қойнына тапсырылды, жаназаға мыңдаған астаналық келді.