Саясат

Халықаралық ұйым: «Навальный «ар-ұждан тұтқыны» емес»

Amnesty International халықаралық ұйымы Алексей Навальныйға қатысты мәлімдеме жасады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйым Навальныйдың «ар-ұждан тұтқыны» еместігін мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Аарон Матенің Twitter парақшасына сілтеп хабарлайды.

AI өкілдері бұл шешімді Навальныйдың 15 жыл бұрынғы мәлімдемелеріне сүйене отырып қабылдаған. Мәселе Навальныйдың халықаралық амнистия ережелеріне сай келмеуі болып отыр. Ар-ождан тұтқыны болудың міндетті критерийі - «зорлық-зомбылық пен жеккөрушілікке жол бермеу».

Оппозиционердің 2000-жылдары бірнеше мәлімдеме жасаған. Бірақ нақты не айтқаны белгісіз. Ұйым өз кезегінде нақты факті келтірмеген.

Бұл туралы ұйымның Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша менеджері Александр Артемьев «Медиазона» басылымына берген сұхбатында баяндады. Менеджердің айтуынша, ұйымға Навальныйдың сөзін тексеру туралы өтініштер түскен. Алайда кімдер өтініш білдіргені белгісіз.

"Навальныйды дереу босату туралы талап күшінде қалады. Себебі ол саяси себеппен қудаланып отыр."

(с) Amnesty international ұйымы 

Айта кетейік, 17 қаңтар Amnesty International Навальныйды «ар-ұждан тұтқыны» деп таныды. Ресейлік оппозиционер 2021 жылдың қаңтар айының ортасында Мәскеудің Внуково әуежайында ұсталып, бірден қамауға алынған. Халықаралық ұйым сонда «Ресей билігі Навальныйдың үнін тағы өшіруге тырысып жатыр» деп мәлімде жасаған болатын.