Саясат
Постты тапсырған соң араға бір ай салып Трамп экс-президент ретінде сұхбат берді
Ақ үйдің бұрынғы басшысы Трамп бірден американдық үш БАҚ-қа–NewsMax, Fox News және One America News-ке қысқаша сұхбат берді. Журналистермен сұхбаттасуына танымал радиожүргізуші Раш Лимбаугтың қайтыс болуы себеп болды. Алдағы жоспарлары туралы сұрақтарға да жауап берді. Трамп 2024 жылғы сайлауға байланысты жоспарлары барын, өзінің әлеуметтік желісін құрғысы келетінін айтты. Джо Байденді жеңгенін тағы да ескере кетті.
Болашаққа жоспар
Трамп президенттік сайлаудағы «жеңісімен» шектелген жоқ. Ақ үйдің бұрынғы басшысы біржола бұғатталған Twitter-ге қайта оралмайтынын атап өтті. «Твиттер қызық емес болды, ендігі миллиондаған адам кетіп жатыр» деді Трамп.
Экс-президенттің сөзіне қарағанда ол миллиондаған республикалық сайлаушыны біріктіру мақсатында өз брендімен әлеуметтік желі құруды жоспарлап отыр.
«2024 жылға байланысты әлі ештеңе айтпас едім. Бірақ бізде үлкен қолдау бар» - деп Трамп өзінің жақтастарының саны қазірдің өзінде 2020 жылғы президенттік сайлауға дейінгі кезеңнен көп екенін айтты.
«Үндемеуді жөн көрдім»
Трамп кейбір Республикалық партияның мүшесіне наразылығын білдірді. Президенттік сайлауда партияластарына қолдаудың жеткіліксіз екенін тілге тиек етті. Экс-президенттің көзқарасы бойынша демократтар бұрмаланған дауыс санын көрсе, "бүкіл АҚШ бей-берекетсіздікке ұшырар еді" деді.
Трамп қарсыластарын сынға алумен қатар, журналистерге не себепті жоғалып кеткенін түсіндірді.
«Мен аздаған үнсіздікті жөн көрдім», - деп атап көрсетті АҚШ-тың экс-басшысы. Fox News-ке берген сұхбатының соңында Трамп үнсіздік кезеңі аяқталғанын меңзеді. Журналисттің алдағы уақыттағы белсенділігіне байланысты сұраққа экс-президент өзінің айтары бар екенін жеткізді.