Bugin
Шенеуніктер 2320 мұқтаж азаматқа үй бермей қойған
Мәжіліс депутаты Ерлік Өмірғалиев әлеуметтік баспананы кезегін электронды кезекке айналдыруды ұсынды. Әрі үйкезекте тұрғандар оны емін-еркін ашып көре алуы тиіс. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Депутаттың айтуынша, әлеуметтік баспананы үлестіруге шенеуніктер тым араласып кетті. Олар заңсыз жолмен қызметтік құзіретін артық пайдаланып, баспананы "өз қалауынша" таратып, кімге бергісі келсе соларға үлестіріп жүр. Заңда белгіленген тәртіп пен ережені қарамайды.
"Мәселен, үш жылдың ішінде шенеуніктердің "Нұрлы жер" бағдарламасын пәтер үлестіруге келгенде 400 заңсыз іс жасағаны анықталды. Яғни, 2320 мұқтаж азаматқа үй берілмей қалған", - дейді Өмірғалиев.
Енді депутаттың ойынша, шенеуніктерді үй үлестіру ісінен шеттету үшін баспана кезегін электронды кезекке ауыстырып, тізімді порталға жүктеу керек. Сонда кезекте тұрған жандардың барлығы үйдің қалай үлестіріп жатқанын қарап, бақылап отырады.