Денсаулық

Қара нанның зиянын білесіз бе?

Қара нанды таңдауда абай болыңыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көп жағдайда дәрігерлер ақ нанды қара нанға ауыстыруға кеңес береді. Алайда диетолог Майкл Мослидің айтуынша, қара нанды таңдағанда абайлау қажет. Өйткені ол қандағы қанттың мөлшерін арттыруы мүмкін. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Tengrinews.kz-ке сілтеп хабарлайды.

Дүкендердегі қара нанға дәм беру үшін қандағы қант мөлшерін арттыратын қоспалар қосылады. Майкл Мослидің айтуынша, қант диабетімен ауыратын адамдар нанның орнына дәнді дақылдар (квиноа, булгур, қара бидай, арпа, қоңыр күріш, қарақұмық) мен бұршақтарды пайдаланғаны жөн.

Дәнді дақылдарда қант мөлшерін тежейтін күрделі көмірсулар мен ішек микрофлорасын жақсартатын талшықтар бар.  

Бұрын жұмыртқа екінші типті қант диабетімен ауыратын адамдар үшін пайдалы таңғы ас болған. Зерттеулерге сүйенсек, аш қарынға жұмыртқаны үнемі тұтыну қандағы глюкоза мөлшерін арттырады.