Қазақстан жаңалықтары
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлы жағдай жасау туралы тапсырма берді
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау туралы тапсырма берді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы 24.kz-ке сілтеме жасап.
"Ең алдымен, барлық санаттағы мүгедектікті анықтау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету керек. Қазір күтімге мұқтаж адамдардың өзіне тиесілі әлеуметтік қызметтерді пайдалануы өте қиын. Олар онсыз да белгілі нәрсені дәлелдеу үшін түрлі кеңсенің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Цифрлық технологиялар мен автоматтандыру дәуірінде мұндайға жол беруге болмайды. Сондықтан жұмыс тәсілін дереу өзгерту қажет", – деді Тоқаев.
Президент Бірыңғай ақпараттық қор құрып, жұртқа ыңғайлы әрі жұмыс істеуге ыңғайлы жүйе жасауды ұсынды. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін біріктіруі керектігін хабарлады.
"Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны биылғы 1 шілдеден бастап сынақ ретінде, ал 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап толыққанды жүзеге асыруды тапсырамын", – деді Тоқаев.