Bugin

Уақыт неге қымбат?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Уақыт деген не? Біз жылы көрпеде ұйықтап жатқанда, жұмыс істеп ақша табуға кеткенде уақыт өз кемесіне мініп, жылжып кете береді. Жыл ай секілді, ай апта, апта күн, сағат пен минуттар секілді зырғып өтеді де кетеді. Тіпті біз қанша уақыт қалғанын да білмейміз. Өйткені біз уақытқа тәуелдіміз. Біздің ең құнды дүниеміз ол - уақыт. Әрбір күнімізді нақты жоспар мен және жақсы игі істермен өткізуіміз қажет. Кейде қиын сәт туған жағдайда оған қапа болмаңыз! Қайта қуаныңыз! Өйткені ол сәт уақыт сияқты көзді ашып жұмғанша зырғып өтеді. Пенде болған соң адамның басынан не өтпейді?! Бұл өмірдің қалыпты жағдайы. Қиындыққа қарсы тұру әрбір адамның міндеті деп білемін.

Ең ұлы ұстаз - уақыт!
Қайтып келмейтін жақсы адамдарға да көңіл бөліңіз! Әрбір күніңіз - жаңа өміріңіз!

Уақыт жыл мезгілдерінен тұрады:

Көктем балалық шағын, жаз жастық шағын, күз мезгілі егде жасқа келгенін, қыс мезгілі соңғы сәттерін яғни ақтық сапардағы аппақ кебінін еске салып тұратын сияқты.

Уақыт өз дегенін істетпей қоймайды.  Өткен уақыт қайтып оралмайды. Қонаққа барған пенде уақыты келгенде ол жерден кетеді.