Әлем жаңалықтары

Қытай ВВС телеарнасын жауып тастады

Қытай үкіметі BBC World News-ті елде таратуға тыйым салды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай үкіметінің мұндай шешім қабылдауына Ұлыбританияның шешімі себеп болды. Ұлыбритания қытайдың мемлекеттік теледидарын елде таратуға рұқсат беретін лицензияны тартып алған еді. Бұл туралы қытайдың  Синьхуа агенттігі хабарлады. 

Қытайдың Ұлттық радио және телевидение әкімшілігінің айтуынша, BBC World News телеарнасы ақпарат тарату талаптарына сай келмегендіктен жабылған.

"Телеарна Қытайдың ақпарат тарату талаптарына сай келмегендіктен, қызметі тоқтатылды. Арнаның келесі жылғы өтініші қабылданбады", - деп қысқа қайырды ведомства.

Қытай тарапының айтуынша, ақпарат рас және дерекке сүйенген, дәлелі бар болуы тиіс. Британ арнасы бұл талапты бұзған көрінеді. Әрі Қытайдың ұлттық мүддесі мен этникалық бірлігіне қарсы ақпарат таратқан деп айып тақты.

Айта кеткен жөн, осыдан бір апта бұрын Ұлыбритания билігі Қытайдың компартиясы қаржыландыратын CGTN телеарнасының лицензиясын тартып алған еді.