Әлем жаңалықтары
Орталық Америка аймағындағы Сальвадор,Гватемала, Гондурас және Никарагуда соңғы екі жылда аштықа ұшыраған адамдар саны 4 есе өсті
БҰҰ-ның азық-түлік бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын сарапшылар аталған 4 мемлекеттегі ақуалға экономикалық дағдарыс себеп екенін айтты. 2018 жылы елде аштыққа ұшырағандар саны 1 миллион 200 мыңдай, болса бүгінде 8 миллионға жетіп қалды.
"Коронавирусқа дейін де біздің жағдайымыз қиын болатын. Жұмыссыз жүрдік. Індет келген соң да одан сайын тығырыққа тірелдік. Коменданттық сағат жарияланды. Сөйтіп сыртқа шығып, нәпақа табудан біржола қалдық. Бізде соқыр тиын да жоқ. Балаларымыз дімкәс, аштан бұратылып жүр. Өзіміз нәр татпасақ та, барымызды осы балалардың аузына саламыз. Басқа елге кетейік десек, шекарадан өткізбейді деп ел жағдайын жеткізген болатын", - деді ашынған тұрғын Розалес.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік бағдарламасы биыл 2 миллион 600 мың адамға көмекқолын сөзбақ. Ол үшін 46 миллион доллар қажет деп отыр.