Әлем жаңалықтары

Ғаламторда Марс картасы пайда болды

NASA кез-келген адам ровердің қозғалысын бақылай алатындай етіп интерактивті карта жасап шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Perseverance Марс бетімен қозғалған кезде картада жаңа белгілер пайда болады. Атап айтқанда, ровердің жүріп өткен жолы, жүріп өткен қашықтығы, мүмкін оның қызықты олжалары да көрсетіледі.

Perseverance жұмысқа жақын арада, яғни осы демалыс күндері кіріседі деп күтілуде. Ровер сәтті қонғаннан кейін «демалып» жатқанда, NASA инженерлері оның барлық құралдары мен бағдарламаларының жұмысын тексеріп жатыр.

Марстың онлайн картасы әртүрлі камералардан алынған мәліметтерден тұрады. Mars Reconnaissance Orbiter-дегі HiRISE камерасы планетаның ландшафты суретін анықтап түсіреді, ал ESA Mars Express камерасы түсті фотосуреттерді түсіреді. Суреттерді біріктіру Марстан жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді.

Онлайн картаға сілтемені KEREK DEREK телеграм арнасынан ала аласыздар!

Жалғас Асамбай