Түркістанда Бекзат Саттархановқа арнап спорт кешені салынады

320 орынға арналған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі жобасын мақұлдады, деп хабарлады облыс басшысының баспасөз қызметі.

"Саттарханов даңғылында бой көтеретін 320 орындық спорт кешенінде үлкен зал мен бірнеше жаттығу бөлмелері орналасады. Нысан құрылысы жақын уақытта басталып, келер жылы пайдалануға берілмек. Айналасы толық абаттандырылып, көгалдандырылады", - делінген хабарламада .

Спорт мектебі дарынды балаларға арналған. Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласында өмірге келді. Бекзат 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 20 жасында Олимпиада чемпионы атанды. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Сиднейде өткен XXVII Олимпиада чемпионы. 

2000 жылдың 31 желтоқсан күні жаңа жылға 15 минут қалғанда Шымкент қаласының маңындағы Темірлан бекетінде Бекзат Саттарханов жол апатынан қаза тапты. Әуесқой бокста 143 жекпе жек өткізіп, 132 кездесуінде жеңіске жеткен.